Қазақстан: бүгін, 9 шілдеге арналған ауа райы болжамы

Бүгін Қазақстанда 11 өңірінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады деп күтілуде. Дауылды ескерту жарияланды

Маңғыстау, Қарағанды, Ақмола және Батыс Қазақстан облыстарында бұршақ жауады деп болжануда.

9 шілде, жұма күні еліміздің барлық аумағы бойынша қандай ауа райы күтілетіні «Қазгидромет» РМК сайтында таныстырылды.

Нұр-Сұлтанда көшпелі бұлт шығады, жаңбыр жауады, соққан желдің жылдамдығы 9-14, екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 15-17 градус, күндіз 24-26 градус жылы болады.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 2-7, екпіні 12 м/с жетеді. Түнде ауа температурасы 24-26 градус, күндіз 36-38 градус ыстық болады.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, желдің жылдамдығы 8-13, екпіні 15-20 м/с жетеді. Түнде ауа температурасы 24-26 градус, күндіз 37-39 ыстық болады.

Ақтау қаласында көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 9-14, екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 21-23 градус, күндіз 26-28 жылы болады. Маңғыстау облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ, шаңды дауыл күтіледі.

Ақтөбеде көшпелі бұлт шығады, жаңбыр жауады, желдің жылдамдығы 9-14 м/с. Түнде ауа температурасы 12-14 градус, күндіз 20-22 градус жылы болады. Ақтөбе облысында түнде кей жерлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады.

Атырауда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 9-14, екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 15-17 градус, күндіз 30-32 ыстық болады. Облыс бойынша кей жерлерде найзағай, шаңды дауыл күтіледі.

Қарағандыда бұлтты, найзағай ойнап, жаңбыр жауады, жел 9-14. Екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 16-18 градус, күндіз 29-31 ыстық болады. Облыс бойынша кей жерлерде найзағай ойнап, бұршақ жауады.

Көкшетауда жауын-шашынсыз, жел 9-14, екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 14-16 градус, күндіз 26-28 градус жылы болады. Ақмола облысында кей жерлерде найзағай ойнап, бұршақ жауады.

Қостанайда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 9-14, екпіні 15-20 м/с жетеді. Түнде ауа температурасы 16-18 градус, күндіз 28-30 градус жылы болады. Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл тұруы мүмкін.

Қызылордада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, желдің күші 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 22-24 градус жылы, күндіз 32-34 ыстық болады. Облыс бойынша кей жерлерде найзағай, шаңды дауыл күтіледі.

Павлодарда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 9-14 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 11-13 градус, күндіз 24-26 градус жылы болады. Павлодар облысының оңтүстігінде найзағай күтіледі.

Петропавлда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 9-14 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 12-14 градус, күндіз 28-30 градус жылы болады.

Талдықорғанда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, желдің жылдамдығы 5-10, екпіні 14 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 21-23 градус, күндіз 37-39 ыстық болады.

Таразда көшпелі бұлт шығады, жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, жел 9-14, екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 23-25 градус, күндіз 38-40 ыстық болады. Жамбыл облысында кей жерлерде найзағай ойнайды.

Түркістанда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 8-13, жел 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 27-29 градус, күндіз 37-39 ыстық болады. Түркістан облысының тауларында найзағай ойнайды, кей жерлерде шаңды дауыл күтіледі.

Оралда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 9-14 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 15-17 градус, күндіз 30-32 ыстық болады. Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде найзағай ойнап, бұршақ жауады.

Өскеменде көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 5-10 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 14-16 градус, күндіз 22-24 градус жылы болады. Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде найзағай ойнайды.

Добавить комментарий