Нұр-Сұлтан маңында полиция қызметкері қаза тапты

Нұр-Сұлтан маңында полиция қызметкері жол апатынан қаза тапты. Аталған ақпарат расталды

Елордалық полиция департаменті Нұр-Сұлтан маңында полиция қызметкері жол апатынан қайтыс болғанын хабарлады.

Оқиға 5 шілде күні сағат 00:24-те Ақмола облысы Целиноград ауданы Қажымұқан кенті маңында болған.

«30 жастағы жүргізуші көлік тізгінін басқара алмай, Lexus GS 300 автокөлігімен аударылып кеткен. ЖКО салдарынан жүргізуші түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды. Көліктегі жолаушы, 35 жастағы полиция қызметкері алған жарақатынан оқиға орнында тіл тартпастан кетті. Бұл факті Ақмола облысының полиция департаментінде тіркелді, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», — деп хабарлады құқық қорғау қызметкерлері.

Нұр-Сұлтан қаласы ПД баспасөз қызметі хабарлағандай, марқұм Сарыарқа аудандық қылмыстық полиция бөлімінің қылмыстық іздестіру бөлімінің бастығы. Көлікті басқарған азамат та полиция қызметкері болған.

Добавить комментарий