Нұр-Сұлтанға Ресей мен Сириядан делегациялар келді

Қазақстан астанасында Сирия бойынша жоғары деңгейдегі кезекті 16-шы кездесу өтеді. Елордаға Ресей мен Сириядан делегациялар келді.

Нұр-Сұлтанға РФ мен Сирия делегациялары Астана форматындағы Сирия бойынша жоғары деңгейдегі 16-шы халықаралық кездесуге қатысу үшін келді.

БҰҰ бас хатшысының САР жөніндегі арнайы өкілі Гейр Педерсен келеді деп күтілуде.

Бұл туралы журналистерге ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров хабарлады.

«Ресейлік және сириялық делегациялар келді», — деді ол.

Бұған дейін Нұр-Сұлтанға Түркия мен Сирия оппозициясының делегациялары келген болатын. Сол күні БҰҰ Бас хатшысының Сирия жөніндегі арнайы өкілі Гейр Педерсен келеді деп күтілуде. Иран делегациясының басшысы — сыртқы істер министрінің арнайы саяси мәселелер жөніндегі аға кеңесшісі Әли Асғар Хаджи сәрсенбіге қараған түні келеді.

7-8 шілдеде Нұр-Сұлтанда Астана форматында Сирия бойынша жоғары деңгейдегі 16-шы халықаралық кездесу өтеді. Оған кепілгер елдердің делегациялары (Иран, Ресей және Түркия), Сирия үкіметі мен Сирия қарулы оппозиция қатысады деп жоспарланып отыр. Шараға бақылаушы ретінде БҰҰ, Иордания, Ливан және Ирактың жоғары өкілдері болады. Келіссөздерге қатысушылар Сириядағы жағдайды, осы елдегі халықаралық гуманитарлық көмек көрсету, Женевадағы сириялық Конституциялық комитет жұмысының жандану перспективалары, тараптар арасындағы сенімді нығайту, оның ішінде тұтқындармен алмасу, кепілге алынғандарды босату және із-түссіз жоғалғандарды іздеу шараларын талқылайды.

Добавить комментарий