Парламентшілердің шешімімен елдегі ауылдардың бірінің атауы Нью-Йорк деп өзгертілді
Егер сіз іздеу жүйесіне «Нью-Йорк» деп жазатын болсаңыз, онда Украинадағы ауыл деп шығады, таң қалмаңыз, бұл шынымен де солай.
Жоғарғы Рада депутаттарының басым бөлігі Донецк облысында орналасқан Новгород ауылының атауын Нью-Йорк деп өзгертуге дауыс берді.
Түсіндірме жазбада 1931 жылдан 1951 жылға дейін ауыл осындай атаумен аталып, КСРО мен АҚШ арасындағы қарым-қатынас Қырғи-қабақ соғыстың салдарынан сыза түскенде Новгород деп аталған.
Украина Жоғарғы Радасының депутаттары 1951 жылғы 19 қазандағы Украина Жоғарғы Радасының Президиумының Нью-Йоркты Новгород ауылы деп атауын өзгертуді «коммунистік партияның саяси-идеологиялық пікірінен туындаған» деп түсіндіріледі.
Ауылда 12 мың адам тұрады.