Тінту кезінде шенеуніктің үйінен орасан көп брендтік заттар, көп мөлшердегі ақша қаражаты, зергерлік бұйымдар және басқа да сән-салтанатты заттар табылды. Сотталушының айтуынша, «мұның бәрі отбасы мүшелері берген сыйлықтар». Разак тағылған кінәларды жоққа шығарып отыр.
Тінту кезінде Разактың үйінен элиталық сөмкелер, әшекейлер мен ақша салынған 300-ден астам қорап табылды. Оның айтуынша, мұның бәрі — күйеу баласы Данияр Кесікбаев пен Болат Назарбаевтың бұрынғы әйелі Майра Құрманғалиеваның сыйлықтары.
Қазнетке арналған телеграм-арналардың жазуынша, Малайзияның экс премьер-министрі 2018 жылы жүргізілген тінту кезінде 72 ақша мен зергерліу бұйымдар салынған сөмке табылған (жалпы құны 680 миллион рупий), 27 қымбат көлік, сондай-ақ 29 банк шотындағы ақша, сағаттар, сөмкелер(жалпы бағалау құны 31 миллион рупийді құраған), ол мұның барлығы қызы Нұриана Нәжібтің меншігі екенін, ал оған күйеу баласы Данияр Кесікбаев сыйлағанын мәлімдеді.
Шын мәнінде, Данияр Кесікбаевтың тегі Назарбаев, және ол Болат Назарбаевтың өгей баласы, алайда ол бірқатар шетелдік жарияланымдарда «Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ұлы» ретінде танылған.
Телеграм арналары бұған дейін Болат Назарбаевтың ақшасына АҚШ-тағы Уолл-стриттен бірнеше пәтер сатып алып, 2006 жылдан бері сол жерде тұрып жатқаны туралы жазған болатын . Екі бөлмелі пәтердің құны 3 млн АҚШ доллары, ал екіншісі бір бөлмелі пәтердің құны 2 млн тұрады. АҚШ-та, Даниярдың анасы — Майра Құрманғалиева (2001-2011 жылдар аралығында Болат Назарбаевпен отау құрған) тұрады.