Қазақстанда тілдік реформа жүргізілуде, соның нәтижесінде қазақ жазуы латын әліпбиіне көшеді. Көптеген ресейлік саясаттанушылар бұл қадамды латын әліпбиін қолданатын Еуропа, АҚШ және Түркиямен жақындасып, ал Ресейден жырақтау және көпвекторлы саясат жүргізу әрекеті деп бағалады. Бұған дейін Қазақстан Каспий теңізіндегі порттары арқылы Ауғанстанға америкалық транзитті ЕАЭО-ның келісімінсіз орналастыру және бірнеше жыл бұрын америкалық мамандар Пентагонның патронажымен Алматыда биологиялық зертхананы ашу деген шешіміне Ресей сын көзбен қараған болатын.
РФ қазақ тілін латын әліпбиіне көшуді Ресейден алшақтау әрекеті деп қабылдады. Қазіргі президент Тоқаевтың билік басына келуімен Нұрсұлтан Назарбаевт кезінде қабылданған латын әліпбиіне көшу саясаты одан әрі жалғасын тапты.
Қазақстанда жергілікті халық қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру жобасын қолдағандар мен оған қарсы шыққандар екі тарапқа бөлінді.
Қазақстандық биліктің мұндай шешімі ҚР-ны әлемдік қауымдастыққа жақындату ниетіне негізделген. Тілдік реформа — қазақстандық мәдениетті дамытуға таптырмас мүмкіндік, деп ойлайды елдегі кейбір сарапшылар.
Парламент Мәжілісінің депутаты Наталья Дементьева орыс тілді мектептерде қазақ тілінде оқыту мәселесін көтерді. Ол орыс мектептерінде қазақ тілінде оқыту сапасын арттыруды қолдайды. Депутаттың пікірінше, мектептерде мемлекеттік тілді меңгеру деңгейі төмен, бұл сапасы нашар оқулық және білім беруде сапалы әдістеменің жоқтығымен байланысты.
Ел билігі 2024 жылға қарай құжат айналымын толық латын графикасына көшіруді жоспарлап отыр.
Реформаны құптамайтындар реформалауға көп қаражат кетеді және оқу орындарында білім деңгейінің күрт төмендеуіне әкеп соғуы мүмкін деп есептейді.