Қазақстан үкіметі елге картоп пен сәбіз жеткізу мәселелері бойынша келіссөздер жүргізуді жоспарлап отырғанын мәлімдеді.
Сауда министрлігі көкөніс жеткізу жөнінде форвардтық шарттар жасасуда.
Қазақстанның сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов көршілес Азия елдеріне барып, олармен көкөністерді өзара жеткізу туралы форвардтық шарттар жасасуды талқылайды.
Сұлтанов маусымаралық кезеғде ішкі нарықтың тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін көршілес елдермен, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстанмен шарттар жасасуды жоспарлап отырғанын айтты.
Жеткілікті мөлшерде көкөніс өсіру және ауыл шаруашылығын дамыту ел үкіметінің жоспарына кірмейтіні анық.
«Бүгін мен Орта Азия елдеріне іссапармен шығамын, онда картоп, пияз, сәбіз, қырыққабат сияқты өнімдерді жеткізу бойынша форвардтық келісім-шарттарды пысықтаймын», — деді Сұлтанов халықпен есеп беру кездесуінде.
Форвардтық келісімшарттар (яғни фермерлермен алдын ала, болашақ өнімге жасалатын келісімшарттар) Қазақстанға импорттық көкөністердің бағасын белгілі бір деңгейде тіркеуге мүмкіндік береді.
«Ал халық айтқандай, делдалдар «шарықтатып жіберетін» маусымаралық кезеңде қыымбат бағада болмайды. Мұндай жұмысты біз ақпараттық жүйелер арқылы да жолға қойғымыз келеді. Мемлекет сатып алуы тиіс емес, бұл бизнес-құрылымдар өзара жұмыс істеуі тиіс. Сондықтан мен Тәжікстан мен Өзбекстанға тиісті делегацияны өзіммен бірге алып барамын», — деп толықтырды Сұлтанов.
Министрліктің мәліметінше, Қазақстан жыл сайын көкөністің 765 мың тоннасын көрші елдерге жібере алады.
Бұл ретте Қазақстан ерте пісетін 280 мың тонна импорттық көкөністермен уақтылы қамтамасыз ете алады. Нәтижесінде осы өнімдерге бағаның құбылуының күтілетін динамикасы 7-10% дәлізінде болады, деп толықтырды Сауда министрлігінде. Министрліктің мәліметінше, Қазақстан форвардтық келісім жасасқысы келетін елдердің тізімінде Ресей мен Иран бар.