Қазақстанда доллар бағамы көтерілді

Қазақстан қор биржасында (KASE) АҚШ доллары бағамы көтерілгені байқалады. Биржаның баспасөз қызметі хабарлағандай, 15:30 жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 2,36 теңгеге көтерілір, 449,22 теңге болы.

Қытай юанының орташа сараланған бағамы да көтеріліп, 65,31 теңге (+0,65) болды.

Еуро және ресей рублі бойынша сауда-саттық жүргізілген жоқ. Еуро бағамын Ұлттық банк — 475 теңге, рубль — 5,96 теңге деп белгіленді.

Ақша айырбастау пункттерінде долларды 449-452 теңгеден, еуроны — 475-481 теңгеден, Ресей рублін — 5,85-6,1 теңгеден саудаланып жатыр.

Сонымен қатар, әлемдік мұнай бағасы 23 ақпанда сауда-саттықта көтерілді.

Brent маркалы мұнайдың фьючерстерінің құны 0,5%-ға көтеріліп, барреліне 81,01 долларға жетті.

West Texas Intermediate (WTI) мұнайының фьючерстері де 0,5% қымбаттап, барреліне 74,33 долларға жетті.

Добавить комментарий