ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ұсынған мәліметтерге сәйкес, елімізде өткен тәулікте 768 адамға коронавирустық инфекция диагнозы қойылды.
Қазақстанда пандемия басталғалы бері COVID-19 жұқтырудың расталған 395 832 жағдайы анықталды.
Өңірлер бойынша жағдай мынадай:
- Қарағанды облысы — 149;
- Алматы — 125;
- Нұр-Сұлтан — 73;
- Шығыс Қазақстан облысы — 70;
- Ақмола облысы — 62;
- Алматы облысы — 59;
- Павлодар облысы — 51;
- Батыс Қазақстан облысы — 39;
- Қостанай облысы — 36;
- Атырау облысы — 29;
- Шымкент — 21;
- Жамбыл облысы — 16;
- Солтүстік Қазақстан облысы — 13;
- Маңғыстау облысы — 9;
- Қызылорда облысы — 8;
- Түркістан облысы — 8.
Пандемия басталғалы бері елімізде КВИ-дің 395 832 жағдайы тіркелді.
2021 жылдың 19 мамырында Денсаулық сақтау министрлігі коронавирустан болатын өлім-жітім туралы мәліметтерді нақтылады, өлім саны едәуір көп болды.
2020 жылдың 1 тамызынан бастап Денсаулық сақтау министрлігі коронавирустық пневмония жағдайларын есепке алып келеді, бірақ олар Covid-19 статистикасына қосылмайды.
Статистикада Денсаулық сақтау министрлігінің деректері ұсынылған:
- 7 маусымдағы жағдай бойынша, ПТР-тесттің оң нәтижесі бар COVID-19 жұқтырғандар және ем қабылдап жатқандар бойынша;
- қалған барлық деректер — 6 маусым.