Сербия басшысы Путинмен «Спутник Лайт» вакцинасын жеткізу мәселесін талқылауды жоспарлап отыр

Сербия президенті Александр Вучич Ресей президенті Владимир Путинмен алдағы кездесуде «Спутник Лайт» вакцинасын жеткізу мәселесін талқылауды жоспарлап отырғанын мәлімдеді.

2021 жылғы 25 қарашада Вучичтің Ресейге сапары кезінде бірқатар келісімдерге қол қою жоспарлануда.

Сербия басшысы бұл туралы сәрсенбі күні халыққа арнаған жолдауында айтты.

«Бірқатар құжаттарға қол қойылады, ол жайлы келіссөздерден кейін сіздерге егжей-тегжейлі айтып беремін. 2021 жылдан 2026 жылға дейінгі ынтымақтастық жайлы құжаты келісілді. Сондай-ақ, Технологиялар және инновациялар орталығы бойынша бірінші фазаға қол қойылды, барлығы «Петрохемия» кәсіпорны бойынша келісілді. «Спутник Лайт» [вакцинасын жеткізу] мәселесі және Косово мен Метохия мәселесін талқылаймыз», — деп мәлімдеді Вучич.

Добавить комментарий