Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин Қазақстан премьер-министрі Асқар Маминді Достық орденімен марапаттады.
Тиісті жарлық дүйсенбі күні ресми интернет-порталда жарияланды.
«Ғарыш кеңістігін зерттеу және пайдалану саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуға, халықтар арасындағы достықты нығайтуға қосқан зор үлесі үшін Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Мамин Асқар Ұзақпайұлын Достық орденімен марапатталсын», — делінген Путиннің жарлығында.
Асқар Мамин 2019 жылдың ақпан айынан бастап ҚР премьер-министрі қызметін атқарады.