Байден Зеленскийге шақыру жолдады

Джозеф Байден Владимир Зеленскийді Вашингтонға шақырды. Қос елдің президенті осы жазда кездеседі.

АҚШ президенті Джо Байден дүйсенбі күні украиналық әріптесі Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлесіп, осы жазда Вашингтонға сапармен келуге шақырды. Бұл туралы журналистерге арналған брифингте АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі көмекшісі Джейк Салливан мәлім етті.

Оның айтуынша, Байден Зеленскийді Ресей президенті Владимир Путинмен 16 маусымда Женевада өтетін кездесуде Украинаның мүддесін қорғайтынына сендірді. «Президент Байден президент Зеленскийге Украинаның егемендігі мен аумақтық тұтастығын, сондай-ақ оның болашақ ұмтылыстарын батыл қорғайтынын айтты. Ол сондай-ақ президент Зеленскийді жазда Ақ үйде, Вашингтонда, Еуропадан оралғаннан кейін қонақ қылып қарсы алуға асыға күтетінін мәлімдеді», — деді Салливан.

Добавить комментарий