Қырғызстанға тек вакцина салдырған туристер кіре алады

Қырғызстанның Экономика және қаржы министрлігі жанындағы туризм департаменті директорының орынбасары Қыял Кенжематова вакцинациядан өткен шетелдік азаматтар елге туристер ретінде еш қиындықсыз кіре алатынын айтты.

Оның айтуынша, осы аптада шетелдік туристерге де, ішкі туристерге де ел аумағында жүріп-тұруына мүмкіндік беретін төртінші іс-қимыл алгоритмі қабылданады.

«Құжат СІМ-нің қол қою үшін қарауында содан кейін «Манас» халықаралық әуежайына жібереміз. Бұл мәселе жақын арада шешіледі деп үміттенеміз. Жазғы туристік нысандарға да жаңа талап қоямыз. Ең бастысы — туристердің қауіпсіздігі, санитарлық нормалар мен ережелерді сақтау.

Қазір бізге 33 елдің азаматтары келе алады. Осы маусымда Қырғызстанға барынша көп турист келуі үшін, біз бұл тізімді кеңейтуді ұсындық», — деді ол.

Сондай-ақ, шетелдік азаматтардың шекарадан жер үсті жолымен өту мәселесі пысықталуда.

Добавить комментарий