Белорусьте рұқсат етілмеген митингілерді тікелей эфирде көрсетуге тыйым салынды

Белорусьте БАҚ туралы заңға түзетулер енгізілді, оған сәйкес БАҚ пен интернет-ресурстарда таратуға тыйым салынатын ақпарат тізімі кеңейтілді.

Атап айтқанда, рұқсат етілмеген наразылық акцияларын нақты уақыт режимінде жариялауға тыйым салынады.

Қажетті аккредиттеуден өтпей қоғамдық пікір сауалнамаларының нәтижелерін жариялауға тыйым салынады.

Заңнамаға тиісті түзетулерді Президент Александр Лукашенко бекітті.

Сонымен қатар, ол ұлттық қауіпсіздікке қатер төнген жағдайда интернет желісінің жұмысын шектейтін электр байланысы туралы заңға енгізілген өзгерістерді бекітті.

Сонымен қатар, ол ұлттық қауіпсіздікке қатер төнген жағдайда байланыс желісін шектейтін электр байланысы туралы заңға енгізілген өзгерістерді бекітті.

Құжатта ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіретін жағдайлардың алдын алу мақсатында мемлекет электр байланысы желілерін және оларға кіретін электр байланысы құралдарының жұмысын шектеу жөнінде шаралар қабылдауы мүмкін, атап айтқанда оларды пайдалану уақыты мен көлемін қысқарту, жұмыс режимін өзгерту көзделеді.

Бұдан басқа, электр байланысы желілерінің және оларға кіретін электр байланысы құралдарының жұмысы (олардың жұмысын уақытша тоқтату) тоқтатылуы мүмкін.

Добавить комментарий