Рөлге ие бола алмады: Ақтөбеде жасөспірім қайтыс болды

Ақтөбе облысында адам өліміне алып келген жол апаты орын алып, нәтижесінде жасөспірім қаза тапты. Хабарланғандай, ол рөлге ие бола алмай, аударылып қалған.

«Иж Планета-5» мотоциклін айдаған 15 жасар жасөспірім рөлге ие бола алмай, аударылып қалды. 9-сынып оқушысы ауруханаға жатқызылып, алған жарақатынан қайтыс болды», — делінген жергілікті БАҚ хабарламасында.

Нақтыланғандай, жол апаты Базой кентінен 3 шақырым жерде болған — жасөспірім басына арнайы баскиім кимеген, жүргізуші куәлігі жоқ, мотоциклде тіркеу нөмірі болмаған.

Добавить комментарий