COVID-19-дың ауыр түрімен әйел босану кезінде қайтыс болды

Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасы №2 ауруханада COVID-19-ға шалдыққан әйел босанғаннан кейін қайтыс болуына қатысты пікір білдірді.

«7 сәуірде өңірлік сарапшылар тобы мен республикалық мамандардың ұсыныстарына сәйкес, тыныс алудың қиындауын ескере отырып, шұғыл түрде кесар тілігін жасау туралы шешім қабылданды. Салмағы 1490 грамм, бойы 41 см болатын шала туған қыз дүниеге келді», — деп хабарлады облыстың денсаулық сақтау басқармасы.

Сондай-ақ, науқас босану кезінде және одан кейін жұқпалы аурулар стационарында болғаны айтылды. Бірақ 13 сәуірде жүргізілген қарқынды терапия аясында жүрек тоқтап қалды. Босанған әйелге қойылған диагноз — «аса ауыр дәрежедегі коронавирустық инфекция, екі жақты полисегментарлық пневмония».

Жаңа туылған нәрестені неонатолог қарап шықты, алғашқы реанимация шаралары қабылданып, баланы облыстық перинаталдық орталыққа жатқызды. Қазір ол қарқынды терапия палатасында жатыр, жағдайы тұрақты ауыр.

Добавить комментарий