Қазақстанда доллар бағамы өсуде

Қазақстанда тағы да АҚШ валютасының құны өзгерді. Бұл жолы доллар бағамының өсуі байқалды.

Қазақстан қор биржасы (KASE) хабарлағандай, сағат 11:00-дегі жағдай бойынша доллардың орташа өлшемді бағамы 428,33 теңгеге көтеріліп, 0,53 теңгені құрады.

Айырбастау пункттерінде доллар 429 теңгеге сатылып, 426 теңгеден сатып алынып жатыр, еуро – 518-521 теңге, Ресей рубльі – 5,65-5,80 теңге.

Ал, 30 сәуір күнгі сауда-саттықта мұнайдың әлемдік бағасы төмендеді.

WTI маркалы мұнайдың маусым айындағы фьючерстері 0,8%-ға азайып, барреліне $64,49 болды.

Маусым айында жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың фьючерстері 0,65%-ға төмендеп, барреліне $67,61 болды.

Добавить комментарий