Еуроодақтың сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі Жозеп Боррель Еуропарламентте сөйлеген сөзінде Ресей мен Түркияны шатастырып алды.
ЕО дипломатиясының басшысы Ресей мен Еуроодақ арасындағы қарым-қатынасына қатысты сөйлеген сөзінде қатесін түземей жалғастырды.
Ресейдің Украинамен шекарадағы ахуалға, Чехиямен дипломатиялық қақтығысқа және Алексей Навальныйдың төңірегіндегі жағдайға арналған тыңдауда сөйлеген сөзінде Боррель: «Түркиямен арадағы қарым-қатынастарымыздың [дамуы] осы үш оқиғаның салдарынан Ресеймен қарым-қатынасымыз нашарлап бара жатқанын көрсетеді», — деді.