Қазақстанда ауа райы тұрақсыз сақталып отыр. Синоптиктер еліміздің 9 өңіріне дауылды ескерту жариялады.
Қазгидромет хабарлағандай, ертең, 2021 жылғы 23 сәуір, жұма күні:
Батыс Қазақстан облысының кей жерлеріне тұман, найзағай жарқылдап, бұршақ жауады деп күтілуде. Оңтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Орал қ.: найзағай күтілуде.
Ақтөбе облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз кей жерлерде 18 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Маңғыстау облысының кей жерлерінде найзағай ойнайды деп күтіледі. Оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысып, кей жерлерде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ақтау қаласы: 23 сәуірде түнде және таңертең найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысып жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді.
Атырау облысының кей жерлерінде найзағай, шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан кей жерлерде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Атырау қаласы: 23 сәуірде күн күркіреп, шаңды дауыл болады. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.
Қызылорда облысында шаңды дауыл күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан соққан жел түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с, кей жерлерде 23 м/с жетеді. Қызылорда қаласы: 23 сәуірде күндіз шаңды дауыл болады. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан күндіз 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Петропавл қ.: 23 сәуірде күндіз оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.
23-24 сәуір күнгі ауа райы болжамы:
Қарағанды облысында 23 сәуірде күндіз, 24 сәуірде тәулік бойы шығыстан, оңтүстік-шығыстан, кей жерлерде 15-20 м/с жел соғады, 24 сәуірде екпіні 23-28 м/с жетеді.
Түркістан облысының кей жерлерінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, 23 сәуірде күндіз екпіні 25 м/с жетеді. Түркістан қ.: 23 сәуірде таңертең және күндіз солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.
23-25 сәуір күнгі ауа райы болжамы:
Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман болады. 23-25 сәуірде солтүстік-шығыстан кей жерлерде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, 23-24 сәуірде екпіні 23-28 м/с жетеді. 23-24 сәуірде түнде кей жерлерде 3 градусқа дейін суық болады. Тараз қ.: 23-25 сәуір күндері тұман түседі. 23 сәуірде күндіз солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.