Қазақстан қор биржасында (KASE) доллар бағамының төмендегені белгілі болды.
Сағат 11:00-дегі жағдай бойынша доллардың орташа алынған бағамы 429,68 теңгеге төмендеп, 0,99 теңгені құрады.
Айырбастау пункттерінде долларды 431 теңгеден сатады, 428,7 теңгеден сатып алады, еуро — 516-519,2 теңге, Ресей рубльі — 5,64-5,70 теңге.
20 сәуір күнгі сауда-саттықта мұнай бағасы көтеріліп келеді.
WTI маркалы мұнайдың мамыр айында жеткізілетін фьючерстері 1,06%-ға өсіп, барреліне $64,10 болды.
Мамыр айында жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың фьючерстері 1,09%-ға — барреліне $67,78-ға дейін өсті.