Последние новости Казахстана и Алматы – свежие на сегодня
               Қазақстан және Алматының басты жаңалықтары
  • Құпиялылық саясаты
  • oqu.news компаниясы туралы

Последние новости Казахстана и Алматы – свежие на сегодня

  • Маңызды
  • Әлем
  • Оқиғалар
  • Экономика
  • Қоғам
  • Саясат
  • Пікірлер
  • Арнайы жобалар
  • COVID-19
RU

ҚР монетасы көрермен көзайымы жүлдесіне ие болды

31 декабря 01:39 / Опубликовано в Экономика

“Монета шоқжұлдызы-2020” XIV байқауының қорытындысы бойынша қазақстандық монета көрермен көзайымы жүлдесіне ие болды

Қазақстанның “Úki” монетасы “Көрермен көзайымы жүлдесі” номинациясының жеңімпазы атанды. Дауыс беру 15 қазан мен 15 желтоқсан аралығында арнайы порталда өткізілді.

Биыл байқауға әлемнің 17 елінен 26 қатысушы өз монеталарын ұсынды – олар Қазақстан, Ресей, Латвия, Қырғызстан, Польша, Венгрия және итағы басқалары. Бұдан өзге Лихтенштейн, Австралия, Италия, Нидерланд, Франция, Литва, Бельгияның монета сарайлары, сондай-ақ Numiartis (Германия), Power Coin (Италия) және Allcollect GmbH (Германия) сияқты монета дистрибьютерлері жұмыстарын ұсынды.

“Монета шоқжұлдызы” – Ресей аумағында өткізілетін естелік монеталарға арналған жалғыз халықаралық байқау. Оған әлемнің ұлттық банктері, монета сарайлары мен монета дистрибьютерлері қатысып, монеталарын ұсына алады.

Техникалық сипаттамалары:

Номиналы 5 000 теңгелік монеталар 925-сынамды күмістен жасалған, массасы – 25 oz (777,5 г), диаметрі – 100 мм, диаметрі 2 мм гауһар орнатылған, дайындау сапасы – “proof”, таралымы – 200 дана;

номиналы 500 теңгелік монеталар 925-сынамалы күмістен жасалған, массасы – 31,1 г, диаметрі – 38,61 мм, диаметрі 1 мм гауһар орнатылған, дайындау сапасы – “proof”, таралымы – 3 000 дана;

номиналы 200 теңгелік монеталар мельхиор қорытпасынан жасалған, массасы – 15 г, диаметрі – 33 мм, дайындау сапасы – “proof-like”, таралымы – 5 000 дана;

100 теңгелік монеталар мельхиор қорытпасынан жасалған, массасы – 11,17 г, диаметрі – 31 мм, дайындау сапасы – “brilliant uncirculated”, таралымы – 20 000 дана.

Поделиться ссылкой:

  • Twitter
  • Facebook

Понравилось это:

Нравится Загрузка...

Похожее

  • Tweet
Tagged under: "Úki", "Көрермен көзайымы жүлдесі", "Монета шоқжұлдызы-2020", байқау, монета, Қазақстан

Читать ещё

Еуро өсті, мұнай бағасы төмендеді
Қазақстан жасыл энергетиканы енгізу бағдарламасын мемлекеттік деңгейде қолдайды
Мүгедектік пен асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы: 243 млрд теңге төленді

Добавить комментарий Отменить ответ

соңғы жаңалықтар

  • 2020 жылы жұмысынан айрылған 99 мыңнан астам адам төлем алды

    2020 жылғы қаңтар-желтоқсан аралығында Мемлекет...
  • Қазақстанның отандық нарығы қалай дамып келеді және автокөліктер қайда экспортталып жатыр

    Қазір Қазақстанның автокөлік саласы қандай жағд...
  • Мексикалық кәсіпкер “Спутник V” вакцинасының екі миллион дозасын сатып алғанын мәлімдеді

    Мексиканың Веракрус штатындағы кәсіпкер Алеханд...
  • Қазақстанда зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алуға өтінімдер қабылдау басталды

    Сағат 9.00-да enpf-otbasy.kz арнайы сайты іске ...
  • Қарағанды облысында 2020 жылы 300-ден астам этникалық қазақ қандас статусын алды

    2020 жылдың қорытындысы бойынша тарихи отаны, Қ...

соңғы жаңалықтар

    [email protected] tel:+7 747 341 6619

    Байзакова 280, Алматы 050000

    • Маңызды
    • Әлем
    • Оқиғалар
    • Экономика
    • Қоғам
    • Саясат
    • Пікірлер
    • Арнайы жобалар
    • COVID-19
    • Құпиялылық саясаты
    • oqu.news компаниясы туралы
    Вверх
    %d такие блоггеры, как: