Дәрігерлер биылғы жылдың наурыз айында Алматы маңында әуе апатына ұшыраған АН-26 әскери ұшағы экипажының екі мүшесінің жағдайы қалай екенін айтып берді.
Олардың жағдайы тұрақты ауыр деп бағаланады. Бұл туралы Денсаулық сақтау басқармасының өкілі Лаура Мырзағали мәлімдеді
«Біз олардың өмірін сақтап қалу үшін күресіп жатырмыз. Қазір олар 4-ші ҚКА-да жатыр, жағдайы тұрақты ауыр. Біздің дәрігерлер алғашқы күннен бастап қажетті көмек көрсетіп келеді. Қазір Құдайдан олар шынымен емделіп, қатарымызға тез оралуын сұраймыз. Олардың жағдайы тұрақты ауыр», — деді ол.
Естеріңізге сала кетейік! 13 наурызда Алматыда ҰҚК-ның ұшағы апатқа ұшыраған болатын. Бортта алты адам болды, олардың төртеуі қаза тауып, екеуі ауруханаға жатқызылды.
1987 жылы туған пациент сол жақ санының ашық сынуы,жабық бас сүйек-ми жарақатымен ауруханаға түсті. 1996 жылы туған пациент ашық бас сүйек-ми жарақаты, қол саусақтарының сынуы, 2-3 дәрежелі дене күйігімен жатқызылды.