Павлодар облысы: блок-бекеттеріндегі тексерістер бір минуттан аз уақытты алады

Павлодар облысында 12 карантиндік блок-бекет орнатылды. Олар арқылы өту бір минуттан аз уақытты алады. Облыста қосымша шектеу шаралары ағымдағы жылдың 9 қарашасынан бастап күшіне енді.

Олар елдегі эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауының салдарынан енгізілді. Олардың іс-қимылының үш күнінің қорытындылары туралы аймақтағы блок-бекеттердің жұмысына байланысты туындайтын мәселелерді тез шешу үшін құрылған Жедел әрекет ету орталығында айтылды.

Павлодар облысы бойынша барлығы 12 блок-бекет орнатылды. Шектеулер Павлодар, Екібастұз және Ақсу қалаларының кіру және шығу жолдарында, сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысымен шекаралас Аққулы және Май аудандарында енгізілді. Үш күннің ішінде 1000-нан астам жүргізушіні блок-бекеттерден өткізбеді. Автокөлік жүргізушілерінде өңірдің бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысымен қарастырылған кіру немесе шығу үшін негіз болатын себеп болған жоқ.

Бір елді мекенде тұратын, бірақ басқа елді мекенде жұмыс істейтін адамдар жол жүруге рұқсат алу үшін Pvlinfo.kz электрондық порталын пайдалана алады. Үш күннің ішінде жүйеге 12 мыңнан астам өтінім келіп түсті, олардың 40% астамына бас тартылды.

Біз жұмыс берушілер арқылы өтінім беруді ұсынамыз. Бұл жағдайда блок-бекетінен өтетін адам ғана емес, ол жұмыс істейтін компания да жауапты болады. Біз Pvlinfo базасынан полицейлердің планшеттеріне алғашқы ақпаратты жібердік. Бүгін біз 13 қарашадан бастап блок-бекеттерінде қағаз түріндегі анықтамаларды қабылдауды тоқтатуға дайындалудамыз, — деп хабарлады Павлодар облысы әкімінің орынбасары Сәкен Шаяхметов онлайн-брифинг барысында.

Добавить комментарий