Актер Ілияс Тұрманов коронавирустан қайтыс болды

Танымал қазақстандық актер Ілияс Тұрмановтың қайтыс болғаны белгілі болды. Ол 2021 жылдың 4 сәуірінде ұзаққа созылған сырқаттан кейін қайтыс болды. Тұрманов коронавирустан көз жұмды.

Наталия Сац атындағы балалар мен жасөспірімдер театрының жетекші актері Ілияс Тұрманов 4 сәуірде ұзақ уақытқа созылған науқастан кейін өмірден озды. Әріптестері оның коронавирустан қайтыс болғанын хабарлады.

ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова актердің отбасы мен театр труппасына көңіл айтты.

Ілияс Тұрмановтың қазасы — бұл кәсіби қоғамдастық үшін ғана емес, сонымен бірге оның шығармашылығын жоғары бағалаған және сүйген отандық театр жанкүйерлері үшін орны толмас қайғы, — деп атап өтті министр.

Ілияс Тұрманов 1967 жылы туған. Ол шығармашылық қызметін Жамбыл мәдени-ағарту училищесін бітіргеннен кейін Тараз қаласындағы Жамбыл облыстық орыс драма театрында бастады (1987 жылдан 1997 жылға дейін). Наталия Сац атындағы балалар мен жасөспірімдер театрына 1998 жылы келген. 20 жылдан астам уақыт осы театрдың сахнасында ойнап, 50-ден астам рөлді сомдады.

2003 жылдан бастап: «Каждый взойдет на Голгофу», «Маленькие люди», «Остров возрождения», Ресейдің, Израильдің, Польшаның және Қазақстанның бірлескен туындысы болып табылатын «Подарок Сталину», «Небо моего детства» фильмдерінде, «Астана – менің махаббатым» қазақ-түрік телехикаясында түрлі рөлдерді сомдаған.

Добавить комментарий