АҚШ билігі Қытайды ұйғырлар және басқа азшылық топтарына қарсы «геноцид пен адамзатқа қарсы қылмыс жасады» және лагерьлерде ұстап отыр деп айыптады.
Баяндамаға сәйкес, Қытайдың Шыңжаң аймағындағы лагерьлерде миллионнан астам ұйғыр қамауда, билік оларға қатысты мәжбүрлеп жұмысқа салып, азаптап және стерилизация жүргізген. Тағы екі миллион ұйғыр «күндізгі қайта тәрбиелеуден» өтті. Ұйғырлар басқа діни және этникалық азшылық топтарымен қатар қудалауға ұшырады.
Бұл президент Джо Байденнің Қытайдағы ұйғыр геноциді туралы алғашқы ресми мәлімдемесі.
АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен баспасөз мәслихатында АҚШ адам құқықтарын бұзғаны үшін ықтимал «салдарды», мәселен, экономикалық санкция мен қытай шенеуніктеріне қатысты визалық шектеулерді қарастырып жатқанын мәлімдеді.
Ұйғырлар — Қытайдың солтүстік-батысында тұратын түркітілдес мұсылмандар. 2018 жылдан бастап БАҚ-та Қытай билігі осы ұлттың өкілдерін қудалауы туралы баяндамалар жариялана бастады.
Құқық қорғау ұйымдарының бағалауынша, Шыңжаң провинциясында миллионнан астам ұйғыр мен басқа да мұсылман азшылық өкілдері «қайта тәрбиелеу лагерлеріне» қамалып, оларға дінінен, мәдениетінен және тілінен бас тартуға мәжбүрлеп, қысым көрсетіп келеді.
Қытай билігі ұйғырларға қысым жасады деген айыптарды жоққа шығарып, бұл мекемелерді исламшыл радикалдану қаупінің алдын алу мақсатындағы «білім беру орталықтары» деп атайды.