Ресей Федерациясы ақпараттық соғыс жүргізу дағдыларын жетілдіруде. Жақында ФҚҚ басшылығымен өткен кеңесте Ресей президенті Владимир Путин РФ-ға қарсы арандату әрекеті дайындалып жатқанын айтқан болатын. Енді БАҚ-та арандату әрекетінің егжей-тегжейі пайда болды.
Кремльдегі аты аталмаған жоғары лауазымды дереккөздің мәліметінше, Батыс «Спутник V» вакцинасына қарсы ақпараттық шабуыл жасауды жоспарлап отыр.
Спутник V-ке қарсы шабуылды АҚШ пен олардың одақтастары ұйымдастырады. Кремльдің пайымдауынша, ресейлік вакцинаны тиімсіз әрі өлімге алып келеді деп жариялайтын болады. Бұл үшін арандатушылар «Спутник V» вакцинасын салдырған адамдардың жаппай өлімін сахналауды жоспарлап отыр. Бұл арандатудың мақсатты аудиториясы шұғыл пайдалану үшін ресейлік вакцинаны тіркеген елдер болады.
Ресейлік пропаганда кейде осындай сипаттағы жаңалықтар пайда болғанда шындыққа жанаспайтын мәлімдеме жасайды. 2021 жылы адамдардың жаппай өлімін қалай сахналауға болады? Мұндай мәлімдеменің дұрыстығына күмәнмен қарайды.
Әлде бұл АҚШ-ты агрессор, ал РФ-ны құрбан қылып көрсету үшін әдейі жасалып отыр ма.
Екінші жағынан жағдай басқаша болып көрінеді. «Спутник V» вакцинасын әзірлеген сәттен бастап Ресей көпшілік дипломатия мен насихаттың көмегімен агрессивті күрес жүргізіп, өзінің вакцинасын Батыстағы бәсекелестері шығарған вакциналарға қарағанда неғұрлым қауіпсіз, неғұрлым тиімді, неғұрлым практикалық және неғұрлым қолжетімді екені дәлелдеп келеді.
Интернетте Батыстағы бәсекелестері әзірлеген вакциналарды қара күйе жағуға бағытталған ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр.
Ресейлік «Спутник V» вакцинасымен байланысты жағымды жаңалықтарды және батыстық вакциналардың енгізілуіне, жеткізілуіне немесе олардың бағасына байланысты жағымсыз жаңалықтарды таратуға ерекше назар аударылды.
Мәселен, Твиттер әлеуметтік желісін алсақ, онда 2020 жылғы 9 қарашадан 2021 жылғы 9 ақпанға дейінгі кезеңде батыстық вакциналарды мынадай қылып: сауалнамаға қатысқан ресейлік твиттердің 86 пайызы Pfizer-ды, ал 76 пайызы Moderna-ны жағымсыз деп атаған.
Ресейде AstraZeneca вакцинасы неғұрлым бейтарап болды (мақалалардың 28%-ы ғана жағымсыз). Алайда жалпы алғанда батыстық вакциналар Ресейде әзірленген вакциналарға қарағанда сегіз есе жағымсыз қылып көрсетілген.
Pfizer-ге қара күйе жағуға оның мәртебесі себеп болуы мүмкін, ол «Sputnik V»-ден кейін бірден жаппай қолданыла бастады. Бұл «Sputnik V»-тің нарықтағы үстемдігіне үлкен қауіп төндірді.