
Владимир Путин билік басына келгелі бері Ресейде батысқа қарсы риторика жүйелі түрде және кезең-кезеңмен қалыптасты. «Соңғы жылдары Мәскеу көршілес елдерді русофобия бойынша айыптаулары жиілеп кетті. Аталған айыптаулар посткеңестік кеңістіктегі барлық елдерге қатысты болды. Ресейдің мұндай ұстанымы, сондай-ақ оның агрессивті сыртқы саясаты Мәскеу мен батыс елдері арасында геосаяси қақтығыстың туындауына және оның жылдан-жылға ушығуына алып келді. Украина аумағында болып жатқан оқиғалар осы қақтығыстың шарықтау шегіне жеткен сияқты», — деп жазады батыстық саясаттанушылар.
«Кремль қанды соғыста оны тек Беларусь қана емес, посткеңестік кеңістікте Беларусьтен кейін жылы қарым-қатынас орнатқан Ресейдің тарихи серіктесі — Қазақстан қолдау көрсетеді деп күткен сыңайлы. Орталық Азия Республикасы Ресеймен саяси, экономикалық, әскери тұрғыдан тығыз байланысты, өйткені қос елдің екіжақты қарым-қатынасы ұзаққа созылған, сондай-ақ олар Еуразиялық экономикалық одақтың, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының мүшесі болып табылады. Бірақ Қазақстан әуел баста бейтараптықты ұстанып, басқаша позицияны таңдады», — деп жазады батыс елдерінің саясаттанушылары.
ҚР билігі Мәскеудің ДХР мен ЛХР егемендігін тану туралы шешімін қолдамағаны, сондай-ақ БҰҰ Бас Ассамблеясы соғысты тоқтатуға шақыратын екі қарарға дауыс беруі кезіндегі бейтарап ұстанымы атап өтіледі.

Қазақстан батысқа қарсы риторикаға қарсы
Басқа елдердің Ресейге қарсы санкциялар топтамасы қабылдауы аясында Орталық Азия мемлекетінің бұл әрекеттері екіұшты болып көрінеді. Әлемдік қауымдастық ҚР-ны осы әскери қақтығыста Ресейді қолдап отыр деп есептейді. Сондықтан Орталық Азия мемлекетіне қарсы санкция салу мәселесі көтерілді. Оны бірінші болып британдық депутат Маргарет Ходж жариялалы, ол ҚР Ресейге қолдау көрсетіп отыр деп мәлімдеді. Аталған мәлімдеме республикада резонанс тудырды, бірақ алдағы оқиғалар көрсеткендей, қос ел ортақ шешімге келді. Осылайша, Қазақстан мен Ұлыбритания өзара толық түсіністік туралы уағдаласып, одан әрі ынтымақтастыққа дайын екендіктерін білдірді. «Мұны Қазақстан үкіметі Ресейдің заңға қайшы келетін әрекеттері Қазақстанның дамуы мен тұрақтылығына қауіп төндіретінін түсінгенгендегі бетбұрысты кезең деп санауға болады», — дейді украиналық сарапшылар.
ҚР мен ЕО өкілдері кездесу өткізді, онда талқылаудың басты тақырыбы Қазақстан мен Еуропалық одақ арасындағы сауда, энергетика, көлік, қаржы және ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты кеңейту болды.

Қазақстан батысқа қарсы риторикаға қарсы
Қазақстандық тарап еуропалық әріптестерінің назарын елдің экономикасына санкциялардың ықтимал әсерін барынша азайту және болдырмау қажеттігіне аударды. Еуропалық Одақ өкілдері бұл мәселеге қатысты ҚР-ның алаңдаушылығын толық түсінетінін және осы мәселеге қолдау көрсету үшін барынша күш салуға дайын екенін мәлімдеді.
Қазақстан президенті әкімшілігі басшысының орынбасары Тимур Сүлейманов «Біз Украинаның аумақтық тұтастығын құрметтейміз» деп мәлімдеді.
«Қазақстанда Ресей үкіметінің әрекеті елді өркениетті әлемнен оқшаулап жатқанын керемет түсінеді, ал бұл Ресей Федерациясының барлық серіктестері мен одақтастарына теріс әсер етеді», — деп жазады батыстық саясаттанушылар.