Қазақстанда банк карталарының рекордтық саны байқалды. Әлеуметтік зерттеу мәліметтері бойынша, әрбір ересек қазақстандыққта 4 банктік карта бар.
2021 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстанда қолданыста 48 млн төлем картасы бар, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 49,7%-ға артық (32 млн).
Соңғы үш жылда қолданыстағы карта саны жылына орта есеппен 35,7%-ға өскен. Сәйкесінше осы карталарды пайдаланушылар саны да артып келеді. Осылайша, 2020 жылы бұл көрсеткіш 39,2 млн-ға немесе 31,6%-ға өскен.
Бүгінде әрбір ересек қазақстандыққа (16 және одан да жоғары жастағы) төрт төлем картасы тиесілі.
Бұл көрсеткіш бойынша абсолюттік көшбасшы — қаржының орталығы, Алматы: мұнда әрбір тұрғынның орта есеппен 9 банк картасы бар. Сонымен қатар, Нұр-Сұлтан қаласының әр тұрғынына шамамен 6 карта тиесілі.
Сарапшылардың айтуынша, қолданыстағы карталардың негізгі үлесі — 67%-дан астамы Mastercard және VISA халықаралық төлем жүйелеріне тиесілі.
Сарапшылар 2020 жылы төлем карталарын пайдалану арқылы жалпы сомасы 35,3 трлн теңге болатын 2,9 млрд қолма-қол ақшасыз транзакция жүргізілгенін нақтылады. Бір жыл ішінде қолма-қол ақшасыз төлемдер көлемі бірден 2,4 есе өсті.
2020 жылы аумақтағы қолма-қол ақшасыз операциялардың басым бөлігі онлайн түрде жүргізілді — қолма-қол ақшасыз төлемдердің жалпы көлемінің — 81,4%. Бір жыл ішінде банктердің онлайн-сервистерін пайдаланушылар саны 45,8%-ға артып, 28,7 млн-ға жетті (бір жыл бұрын — 19,7 млн пайдаланушы).