Қазақстандық санитарлық дәрігерлер мереке қарсаңында азаматтарға үндеу жасады

Мереке қарсаңында қазақстандықтарға қолданыстағы карантиндік шектеулерін ұмытпау туралы ескерту жасады.

«Демалыс және 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Қазақстан мен өңірлік бас санитар дәрігер қаулысына сәйкес барлық шектеу шаралары қолданылады. Сіздерді жақындарыңызды және айналаңыздағы адамдарды коронавирус инфекциясынан қорғайтын маңызды ережелерді есте сақтауға шақырамыз», — деп хабарлады Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев.

Ережелер:

  • адамдар көп жиналатын орындарға бармау;
  • ұжымдық іс-шараларды өткізбеу және оған қатыспау;
  • суық тию, тұмаудан сақтану;
  • қоғамдық орындарда әлеуметтік қашықтықты сақтау;
  • бетперде режимін сақтау;
  • қолды сабынмен жиі жуу немесе антисептик қолдану;
  • температура немесе ауру белгілері пайда болған кезде дереу медициналық көмекке жүгіну;
  • үй-жайларды үнемі желдету;

Сонымен қатар дастарқан басына отырғанда тамақтан улануды, ішек инфекцияларын естен шығармаған жөн.

Добавить комментарий