БҰҰ Бас хатшысы Польша шекарасындағы мигранттарға қатысты жағдайды саяси мақсатта пайдаланбау керек деп санайды

БҰҰ Бас хатшысы еңбек мигранттарының ағынына байланысты Беларусь пен Польша шекарасында қалыптасқан жағдайды саяси мақсатта пайдаланбауға шақырды.

Бұл жағдай елдер арасындағы қарым-қатынастың шиеленісісуіне себеп болмауы керек, деп атап өтті Антониу Гутерриш.

«БҰҰ Бас хатшысы Беларусь-Польша шекарасындағы жағдайды бақылап, миграциялық проблемалардың гуманитарлық қағидаттар мен халықаралық құқыққа сай шешілуін қамтамасыз ету маңызды екенін кезекті рет мәлімдеді. Мұндай жағдай саяси мақсатта пайдаланбау және мемлекеттер арасындағы шиеленіске себеп болмауы керек», — деді брифингте бас хатшының ресми өкілі Стефан Дюжаррик.

Фото: БҰҰ Бас хатшысы Польша шекарасындағы еңбек мигранттарына қатысты жағдайды саяси мақсатта пайдаланбауға шақырды

Польша-Беларусь шекарасындағы жағдай 8 қарашада ушығып кетті. Беларусь жерінен ЕО аумағына өтуге тырысқан мыңдаған мигрант шекара маңына топырлап келді. Варшава Минскіге шекарадағы жағдай ушығып, адам шығыны болуы мүмкін екенін ескертті. Қос елдің шекарашылары күшейтілген жұмыс режиміне көшті.

Добавить комментарий