Қазақстандық оқушылардың бірнеше жас тобы 1 наурыздан бастап аралас оқыту бағдарламасы бойынша оқи алады.
Қазақстанда 1-5 сыныптардың оқушыларына аралас оқытуға рұқсат етілді.
Осы жылдың 1 наурызынан бастап 1-5 сыныптардың, халықаралық мектептерде 1-7 сыныптардың оқушыларын (70% пән дәстүрлі форматта, 30% қашықтықтан) аралас оқытуға рұқсат етіледі, — делінген хабарламада.
Бұл Маңғыстау, Қостанай, Жамбыл облыстарына қатысты емес, онда білім беру ұйымдарында санитарлық-эпидемиологиялық режимнің бұзылуы көп тіркелген.
Бүгін, 24 ақпан күні ВАК отырысында «сары» және «жасыл» аймақтарда карантиндік шектеу шараларын жеңілдеті туралы шешім қабылданды.