Абхазия Президенті РФ-мен әскери-техникалық ынтымақтастықты дамыту ел басшылығының қызметіндегі басым бағыт болып қала беретінін мәлімдеді. Ол республикада бейбітшілікті сақтауды қолдайды.
Абхазия Президенті Аслан Бжания Отан қорғаушылар күніне арналған мерекелік құттықтау сөзінде РФ президенті Владимир Путин мен Ресей әскеріне республикада бейбітшілікті сақтағаны үшін алғыс айтты.
«23 ақпанда біз өз өмірін Отанға қызмет етуге арнаған батыл, ер жүрек, рухы мықты, халықтың бейбітшілігі мен тыныштығын қорғайтын азаматтарды мерекесімен құттықтаймыз. Елімізде бейбітшілікті сақтап қалғаны үшін Абхазия халқы Ресей армиясына алғысын білдіреді», — делінген Абхазия президентінің сайтында сейсенбі күні жарияланған хабарламада.
Сондай-ақ, Бжания Ресеймен әскери-техникалық ынтымақтастық Абхазия басшылығының басым бағыттарының бірі болып табылатынын атап өтті.
РФ мен Абхазия Республикасы арасындағы одақтастық қарым-қатынас 2008 жылы Ресей оның тәуелсіздігін мойындағаннан кейін орнады. Сол жылы Ынтымақтастық және өзара көмек туралы шартқа, 2014 жылы Одақтастық және стратегиялық әріптестік туралы шартқа қол қойылды, оған сәйкес Ресей Абхазияға тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуға, халықаралық ұстанымдарын нығайтуға және әлеуметтік-экономикалық жағдайын қалпына келтіруге көмектеседі. Ресей мен Абхазия арасында әртүрлі деңгейдегі 100-ден астам екіжақты құжат жасалды. 2008 жылдан бастап Ресейдің Абхазияға көрсеткен қаржылай көмегінің жалпы көлемі 40 млрд рубльден асты.