Тайвань Қытайдың ұшқышсыз басқарылатын ұшу аппаратын атып түсірді

Тайвань Әуе шабуылына қарсы қорғаныс күштері аралдың әуе кеңістігінде ұшқан Қытайдың ұшқышсыз басқарылатын ұшу аппаратын атып түсірді. Бұл Қытайға тиесілі, Тайвань әскерилері атып түсірген бірінші ҰҰА.

Еске салайық! Тамыз айының соңында Тайвань Қорғаныс министрлігі елдің әуе кеңістігіне кірген Қытайдың ұшқышсыз басқарылатын ұшу аппараттарын атып түсіретінін ескерткен.

Тайвань Премьер-министрі Су Цзэн-Чан журналистерге берген сұхбатында Қытай үкіметі оларға басқа таңдау жасауға мүмкіндік қалдырмағанын мәлімдеді

«Бұл біздің тарапымыздан бірнеше рет жасалған ескертулерді ескере отырып, ең қисынды шешім болды. Қытай ұстамдылық танытуы керек еді. Біз жеріміз бен халқымызды қорғау үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз», — деді ол.

30 тамызда Тайвань бірінші рет Қытайдың ұшқышсыз ұшу аппаратарына оқ атқан. Сол кезде қытайлық дрон Эрдан аралының ашық суларының әуе кеңістігіне кірген. Тайвань Ұлттық қорғаныс министрлігі 28 тамызда сарбаздар елдің әуе кеңістігіне кірген Қытайдың ұшқышсыз басқарылатын ұшу аппаратын атып түсіретінін ескерткен.

АҚШ өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелосидің аралға сапармен барғаннан кейін Тайвань төңірегіндегі жағдай ушығып кетті. Қытай АҚШ-тың елдің ішкі істеріне араласты деп наразылық білдірді.

Анықтама үшін! Қазақстан Тайвань аралының тәуелсіздігін мойындамайды.

Добавить комментарий