Қазақстан қор биржасы (KASE) хабарлағандай, 15:30 жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 457,70 теңгені құрап, 0,91 теңгеге төмендеді.
Қытай юанының орташа сараланған бағамы төмендеп, 67,51 теңге (-0,45) болды.
Еуро бойынша сауда-саттық жүргізілген жоқ. Рубль бойынша сауда-саттық әлі аяқталмады. Еуро бағамын Ұлттық банк 501,3 теңге, рубль — 6,52 теңге деп белгіледі.
Ақша айырбастау пункттерінде долларды 459-463 теңгеден, еуроны 494-499 теңгеден, Ресей рублін 6,2-6,5 теңгеден саудаланып жатыр.
Ал мұнайдың әлемдік бағасы 6 ақпанда көтерілді.
Мәселен, ICE Futures бойынша Brent маркалы мұнайдың сәуірдегі фьючерстерінің құны 0,69%-ға, барреліне 80,49 доллар болды.
NYMEX электрондық сауда-саттықта наурыздағы WTI мұнайының фьючерстері 0,49%-ға қымбаттап, барреліне 73,75 долларға жетті.