Халықаралық әуекомпаниялар әуежайлардың маңында салынған 5G мұнаралары қауіпті деп мәлімдеп, соған байланысты АҚШ-қа рейстерді тоқтатты.
Халықаралық әуе компаниялары әуежай маңында 5G мұнаралары салынуына байланысты АҚШ-қа рейстерді тоқтататынын мәлімдеді.
Олардың пікірінше, бұл борт жабдығының жұмысына кедергі келтіруі мүмкін.
Бұл туралы CNN хабарлайды.
Emirates Airlines Америкадағы 9 әуежайға ұшуды тоқтатты: Бостон, Чикаго, Форт-Уэрт, Хьюстон, Майами, Ньюарка, Орландо, Сан-Франциско және Сиэтл. Air India Дели мен Сан-Франциско, Чикаго және Нью-Йорктегі Джон Кеннеди атындағы әуежай арасындағы ұшуды тоқтатты.
«Біз операциялық мәселелерді шешу үшін ұшақ өндірушілермен және тиісті билік органдарымен тығыз жұмыс жасап жатрмыз және АҚШ-қа ұшуды мүмкіндігінше тез арада қайта бастауға үміттіміз», — делінген Emirates Airlines мәлімдемесінде.
All Nippon Airways және Japan Airlines АҚШ-қа Boeing 777 ұшақтарымен ұшуды тоқтатады, бірақ Boeing 787 ұшақтары ұшуды жалғастырады. Әуе компаниялары 5G желілерін орнату борттық жабдықтың жұмысына кедергі келтіруі мүмкін деп есептейді.
«Біз FAA (АҚШ-тың Азаматтық авиация федералдық басқармасы) 40-қа жуық елдің жасағанын істей алмағанына, яғни авиациялық қызметтерге кедергі келтірмей, 5G технологиясын қауіпсіз жерге орнатпағанына көңіліміз толмады. Біз оны дер кезінде жасауға шақырамыз», — деп мәлімдеді америкалық телекоммуникациялық конгломераттың өкілі Меган Кеттерер.
Көлік реттегіштері әуежай маңындағы 5G ұялы антенналары ұшқыштарды үйлестіру үшін қажетті кейбір жабдықтардың жұмыстарына кедергі келтіреді деп алаңдаушылық танытқан болатын.
17 қаңтарда америкалық әуе компаниялары Джо Байденге хат жолдап, әуежайлардың маңында 5G ұялы желілерінің инфрақұрылымын орналастыру жүздеген рейстерді тоқтатуға алып келуі мүмкін екенін ескертті.