28 ақпанға арналған ауа райы болжамы

Синоптиктер 2023 жылғы 28 ақпанда Қазақстанда ауа райы қандай болатынын жариялады.

«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша, еліміздің басым бөлігінде ауа райы кең көлемді антициклонның ықпалында болады.

Синоптиктердің айтуынша, Қазақстанның батысына, солтүстігіне ғана Атлант циклоны әсер етеді, осыған байланысты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, солтүстікте бұрқасын соғады.

Сондай-ақ, республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді деп күтілуде.

Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік, оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде -8-10°С, күндіз 0, -2°С болады.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде -3 + 5°С, күндіз +8 +10°С болады.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан 5-10 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде -1 +1°С, күндіз +12 +14°С болады.

Добавить комментарий