1 желтоқсаннан бастап ескі көліктерді қабылдау тоқтатылады

«ӨКП» операторы 2021 жылдың 1-ші желтоқсанынан бастап Қазақстанда тозығы жеткен көліктерді жоюға қабылдау тоқтатылатынын мәлімдеді.

Ескі машиналарды кәдеге жарату үшін қабылдау келесі жылы қайта басталатыны хабарланды.

Жыл соңына дейін мамандар қабылданған машиналар мен техникаларға түгендеу жұмыстарын жүргізеді.

Биыл ескі көліктерді қабылдау бағдарламасы аясында 50 005 көлікті жоюға тапсырды. Оның 37 495 жеңіл көлік, жолаушы тасымалдайтын 4 040 және 8470 жүк көлігі.

Сонымен қатар, ӨКМ операторының мәліметінше, ауылшарушылығы техникасы бойынша 3054 техника қабылданды, оның 2 226-і трактор, 828-і комбайн.

«Ауылшаруашығы техникасы жыл соңына дейін қабылдана береді. Атап айтқанда 254 трактор, 72 комбайнға электронды кезекке сай тапсырылуды күтіп отыр», — делінген хабарламада.

Жеңіл, жолаушылар және жүк көліктерін қабылдау 2022 жылдың қаңтар айында іске қосылады деп күтілуде.

Добавить комментарий