Полиция адам өліміне алып келген жол апатына кінәлі 23 жастағы жүргізушіні қамауға алды.
Hyundai көлігінің жүргізушісі аялдамада қоғамдық көлікті күтіп тұрған бір топ адамды қағып кетті. Төрт адам зардап шекті: екеуі қайтыс болып, тағы екеуі ауруханаға түсті.
Жамбыл облысы полиция департаментінің бастығы Жанат Сүлейменов ЖКО сәрсенбі, 15 қыркүйек күні болғанын хабарлады.
«Сейфуллин көшесінен Момышұлы көшесіне бара жатқан көлік жүргізушісі төрт жаяу жүргіншіні қағып кетті. Оқиға орнында екі адам қайтыс болып, екеуі Тараз қалалық №1 ауруханасына жатқызылды», — деді ол.
Полицейлер Қазақстан Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Бұл бап бойынша белгілі бір лауазымдарды атқаруға немесе белгілі бір қызметпен айналысуға 7 жылға дейін айыра отырып, 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
Тәртіп сақшылары көлік жүргізушісі 23 жастағы Тараз қаласының тұрғыны анықтап, ұстады. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде. Бірқатар қажетті сараптамалар тағайындалды.
Жанат Сүлейменов тағы да жүргізушілерді жол қозғалысы ережесін сақтауға және сақ әрі мұқият болуға шақырды.