Маңғыстауда тәртіп сақшылары 31 099 бөтелге контрафактілік алкоголь тәркіледі. Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады.
Маңғыстау ауданы Шетпе ауылында жүргізілген тексерулер нәтижесінде жалған есепке алу-бақылау маркалары бар алкоголь өнімдерін сақтау фактісі анықталды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 233-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
МКК хабарлағандай, кейбір кәсіпкерлер тексеруге мораториймен байланысты үзілісті пайдаланып, алкоголь өнімдерін заңнаманы бұза отырып сатып келеді.