Мұнай бағасы ресейлік рубльдің бағамына әсер ететін факторлардың бірі болып табылады. Ресей бюджетіне түсетін ақша мұнай бағасына байланысты. 2020 жылы бағаның құлдырауы салдарынан елдің бюджеті дефицитке ұшырады. Қазіргі таңда баға шамалы өсіп, тұрақты болып отыр. Ол осы деңгейде қала ма, әлде құлдырай ма? Ресейлік мұнай бағасының төмендеуіне әсер ететін басқа да себептер бар.
Мысалы, Ресейдің негізгі мұнай тұтынушыларының бірі Қытай өзінің қорлары толып кеткенін хабарлады. Түрлі дереккөздерден алынған мәліметтерге сәйкес, Қытай жинаған мұнай көлемі 1.09 млрд баррельге тең, бұл 100 күндік таза импорт, ал соңғы апталарда мұнай қоры 120 күннен асып түсті.Қытайлық импорттаушылар бағаның құлдырауын пайдаланып, Қытай резервтеріне 1 млрд баррельден астам мұнай жинады. 2020 жылдың қорытындысы бойынша Қытай күніне 542,4 тонна шикі мұнай немесе 10,85 млн баррель сатып алған. Ішкі сұраныстың төмендеуіне қарамастан, импорт 7%-ға өсті, ал қарашада тәулігіне 11 млн баррельден асты. Пекин өзінің стратегиялық қорларын толтыру үшін қара алтын бағасының құлдырауын сәтті пайдаланды. Бірқатар елдер мұнай тұтынудан бас тартып, біртіндеп жаңартылатын энергия көздеріне көшетіндіктерін жариялады. Бұл мұнай бағасының құлдырауына және Ресей рубліне ауыр соққы болып тиюі мүмкін.
РФ-ға қарсы енгізілетін санкциялар да рубль бағамына әсер етеді. Әрине, бұған дейін жарияланған санкциялар онша қатаң болмады. Қазіргі таңда ықтимал қатаң санкциялар туралы нақты мәлімет жоқ. Егер мұндай санкциялар жарияланып, күшіне енсе, рубль қатты құлдырауы мүмкін. Ол бұған дейін «нәзік» санкциялар жарияланғаннан кейін біршама әлсіреген.
РФ үкіметі рубльдің тұрақты болатынын сендіреді. Бірақ статистикаға сәйкес заңды тұлғалардың валюталық шоттары 2021 жылдың қаңтарында 4 млрд долларға толықты, ал жалпы көлемі максималды 163,1 млрд долларға жетті. Мұндай сандар 2018 жылдың сәуір айының ортасынан бері болған жоқ. Өткен жылдың желтоқсанында ірі бизнес валюта қорын 6,6 млрд долларға, ал қарашада 9,6 млрд долларға өсті.
Осылайша, 3 айда ресейлік корпорациялардың валюталық деңгейі 20,2 млрд долларға өсті. Мұндай сандар 7 жыл бойы болған жоқ.
Бұл өте маңызды белгі, егер ірі бизнес шетел валютасына ақша салатын болса, онда сақтану керек. Ресейлік ірі корпорациялар қатаң санкциялар болады деп күтіп шетел валютасын сатып алып жатқан сыңайлы.
Ресей рублі ең жоғары деңгейге жетуі мүмкін. Ресей үкіметі ұлттық валюта тұрақты болады деп сендіреді, бірақ сонымен бірге ірі бизнес өкілдрі өзінің резервтерін шетелдік валютамен едәуір ұлғайтты. Бәлкім, қарапайым ресейліктерге де шетел валютасын сатып алып, егер бар болса, жинақтарын рубльмен сақтамау керек шығар. Ресейліктерді қаржылық ауыр 2021 жылы күтіп тұр.