Орталық Азия елдерінің билігі Ресейдің Украинадағы арнайы операциясына қатысты сыни пікір айтпады, негізінен екі елдің басшылығын ымыраға келіп, соғысты тоқтатуға шақырды.
«Орталық Азия республикалары президенттерінің мұндай ұстанымы түсінікті. Мәселен, Орталық Азия өңіріндегі үш ел — Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан — Ресей үстемдік ететін ҰҚШҰ әскери блогының мүшесі. ҰҚШҰ-дан шығып кеткен Өзбекстан Ресеймен тығыз сауда-экономикалық байланыс орнатқан және артық пікір білдіріп Мәскеумен қарым-қатынасына сызат түсіруден қорқады», — деп жазады батыс саясаттанушылары.
Қазақстан Мәскеудің іс-әрекетіне қатысты алаңдаушылық танытып отырған ОА-дағы ең белсенді мемлекеттерінің бірі. ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді елдің ЛХР мен ДХР-ның егемендігін мойындамайтынын мәлімдеді.
Қырғызстанда Бішкектегі Ресей елшілігінің жанында Украинаның жақтастары пикет өткізді. Алматыда билік рұқсат еткен таза ауа үшін митинг өтті. Митинге қатысушылар экологиялық мәселелерді ғана көтеріп қоймай, ресейлік әскерлерді Украинадан шығару және соғысты тоқтатуды талап етті.
«ОА елдерінің мұндай көңіл-күйі түсінікті. Халықаралық санкциялар доллар мен еуро бағамының өсуіне алып келетіндіктен, бұл Орталық Азия республикаларының валюта нарығында үрей тудыруда. Бұл тұрақсыздық аталған елдердің экономикасы әлемді шарлаған пандемиядан кейін енді ғана өзіне келе бастаған кезде пайда болады», — деп жазды батыс саясаттанушылары. Мысал ретінде 24 ақпанда Қазақстан Ұлттық банкі жүргізген 104 миллион доллардың валюталық интервенциясы келтірілген. Бір күн ішінде ақша айырбастау орындарында доллар қымбаттауды жалғастырды және биржадағы сауда-саттық қорытындысы бойынша күннің екінші жартысында доллар бағамы 465,9 теңгеге көтерілді. Бір күнде ұлттық валюта 28 теңгеге қымбаттады.
«Ресейлік рубльдің құлдырауы Ресейде жұмыс істейтін еңбек мигранттарының табысы долларға шаққанда төмендейтінін білдіреді. Сондай-ақ Ресейден келетін несиелер мен инвестициялар көлемі де қысқарады», — деп хабарлайды батыс саясаттанушылары.