Қазақстанда қор биржасында (KASE) 2021 жылғы 14 сәуір таңғы 11:00 жағдай бойынша доллардың орташа алынған бағамы 431,11 теңгені құрады.
13 сәуір күнгі таңғы деректермен салыстырғанда (1 доллар үшін 433,54 теңге) сауда-саттықта доллар 2,43 теңгеге құлдырады.
Ашық дереккөздерден алынған мәліметтерге сәйкес, елорданың айырбастау пункттерінде американдық валютаны сатудың максималды бағамы 11:15-де — 432,5 теңгені, Алматыда — 433 теңгені құрады.
Ұлттық банктің 14 сәуірдегі ресми (нарықтық)(нарықтық) бағамы – 1 доллар үшін 433,55 теңге. Теңгенің АҚШ долларына қатысты ресми бағамы келесі күні Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттық қорытындылары бойынша белгіленеді.