2022 жылдың шілде айында ҚР-дан шетелге 87 млрд теңге аударылды

2022 жылғы шілде айында Қазақстаннан шетелге ақша аудару жүйесі арқылы 87 млрд теңге аударылды. Аталған кезеңде жүйе арқылы 95,1 млрд теңге сомасында ақша аударымдары жасалды.

2022 жылғы шілдеде Ұлттық банктің төлем жүйелері — Банкаралық ақша аудару жүйесі және Банкаралық клиринг жүйесі арқылы — 65,4 трлн теңгеге 5,4 млн транзакция жүргізілді. 2022 жылғы маусыммен салыстырғанда транзакциялар саны 3,7%-ға, ал сомасы 3,2%-ға өсті. Бір күнде аталған төлем жүйелері арқылы 3,3 трлн теңгеге 267,6 мың транзакция жүргізілді, деп хабарлайды Kapital.kz іскерлік ақпарат орталығының тілшісі Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2022 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша, 19 банк пен «Қазпошта» Қазақстанда төлем карточкаларын шығарды. Эмиссияланған және таратылған төлем карточкаларының жалпы саны 61,5 млн бірлік болды. Оның ішінде 2022 жылғы шілде айында төлем карточкаларының 50,0%-ы немесе 30,7 млн қолма-қол ақшасыз операциялар немесе қолма-қол ақшаны алу операцияларын жүргізу үшін пайдаланылды.

Қазақстандық эмитенттердің төлем карточкаларын пайдалана отырып, шілдеде 11,0 трлн теңгеге 782,5 млн транзакция жүргізілді. 2022 жылғы маусыммен салыстырғанда транзакциялар саны 1,8%-ға, сомасы 2,3%-ға өсті. Қолма-қол ақшасыз төлем операцияларының үлесі 97,2% немесе 760,6 млн транзакцияны болды. Жалпы осы кезеңде қолма-қол ақшасыз операциялардың үлесі 83,2% немесе 9,2 трлн теңге болды.

2022 жылғы шілдеде халықаралық ақша аударымдары жүйелері арқылы жіберілген ақшаның жалпы көлемі 95,1 млрд теңгеге 0,28 млн аударымды құрады. 2022 жылғы маусыммен салыстырғанда ақша аударымдарының көлемі 19,7% -ға азайды.

Қазақстаннан тыс жерлерге жіберілген аударымдардың жалпы көлемі ішінен транзакциялардың жалпы санының 73,5%-ы (0,21 млн транзакция) және жалпы сомасының 91,2%-ы (86,7 млрд теңге) жіберілді. Қазақстан бойынша ақша аударым жүйелері арқылы жалпы санының 26,5%-ы (0,07 млн транзакция) және жалпы сомасының 8,8%-ы (8,4 млрд теңге) жүргізілді. Шетелден халықаралық ақша аударым жүйелері арқылы 88,2 млрд теңгеге 0,17 млн транзакция алынды.

2022 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша, Қазақстан Республикасының аумағында 19 төлем жүйесі, оның ішінде Ұлттық Банктің төлем жүйелері, ақша аударымдары жүйелері, төлем карточка жүйелері жұмыс істейді.

 

Добавить комментарий