Жемқорлыққа қарсы күрескер пара алғаны үшін сотталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрескен қызметкер сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген айыппен сотталды..

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында алаяқтық пен пара беруге айдап салу фактісі бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкіліне қатысты қылмыстық іс қаралды.

Істі қарау нәтижесінде сотталушы айыптау үкімі шығарылып, 12 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

«Сот 2019 жылғы 5 маусымда М. Ақтөбе облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің аға офицері бола тұра, ЖШС басшысын қосымша салық және пайыздарды төмендету мәселесін реттеу себебімен пара беруге айдап салып, оның 60 000 000 теңге ақшасын иемденгенін анықтады. М.-нің кінәсі жәбірленушінің, куәгерлердің жауабымен, тергеу әрекеттері хаттамаларымен, жедел іздестіру шараларымен және сараптама қорытындыларымен толық қуатталады, — деп хабарлайды соттың баспасөз қызметі.

Ауырлататын мән-жайларды ескере отырып, сотталушыға қауіпсіздігі барынша жоғары қылмыстық-атқару жүйесі мекемесіне 12 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Ол сондай-ақ өмір бойына мемлекеттік қызметте белгілі бір лауазымды атқару құқығынан айырылды.

Қылмыстық жолмен алынған мүлік мемлекет кірісіне тәркіленді.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ және оған шағым түсіруге болады.

Добавить комментарий