2 мыңнан астам алматылық кеңес төлқұжатын ауыстырмаған

Екі мыңнан астам алматылық кеңес төлқұжатымен жүрген

Бүгін Алматы қаласы Полиция департаментінде өткен брифингте кеңес төлқұжаты бар 2 мың қазақстандық анықталғанын хабарлады.

ҚР ІІМ көші-қон қызметі комитеті төрағасының орынбасары Сабыржан Сейітжановтың айтуынша, ішкі істер органдары жарамсыз құжаттары бар адамдардың Қазақстан Республикасында тұру фактілерін анықтауды жалғастыруда. «800 адам Кеңес Одағының «қызыл» паспортын қазақстандық құжаттарға ауыстырды. Тағы 1700 адам былтыр құжатын ауыстырған еді. Жалпы, Қазақстан азаматтарының 60%-ға жуығы төлқұжатын ауыстыруға өтініш берген, тағы 30%- ұлттық төлқұжаты бар және 10%- азаматтығы жоқ адамдар. Алайда осы жылдың қыркүйек айынан бастап сауалды орындау мерзімі жарты жылдан аспауы тиіс деген бұйрыққа қол қойылды. Егер осы уақыт ішінде сауалға жауап алынбаса, онда органдар республиканың заңнамасына сәйкес қазақстандық құжаттарды ұсыну туралы шешім қабылдайды», — деді Сабыржан Сейітжанов. Спикер атап өткендей, азаматтар құжаттарды ауыстыруға тек зейнетақыны рәсімдеуге және білім туралы құжатты алуға және болмаса басқа да маңызды жұмыстар болған кезде құжат ауыстыруға кіріседіі. «Бұл істі кейінге қалдырудың қажеті жоқ. Құжат алу үшін ел тұрғындары келген жері бойынша көші-қон қызметінің кез келген бөлімшесіне жүгінуі керек. Құжаттары жоқ адамдардың уақытша тіркеуі болмағандықтан, оларға тұрғылықты жері бойынша бөлімшелерге хабарласуға рұқсат етіледі. Сондай-ақ, олар Адам құқықтарын қорғау бюросының филиалдарына, сондай-ақ «Сана Маусым» кеңселеріне жүгіне алады», — деп түсіндірді ҚР ІІМ көші-қон қызметі комитеті төрағасының орынбасары Сабыржан Сейітжанов.

Добавить комментарий