Украинаның барлау қызметі РФ ұзаққа жалғасатын соғысқа дайындалып жатқанын хабарлады

Украина барлау қызметінің мәліметтері бойынша, Ресей Украинамен ұзаққа жалғасатын соғыс қимылдарына дайындалып жатыр. Ел экономикасы соғыс жағдайына көшуде.

«Ресей Федерациясының экономикасы мен әскери-өнеркәсіптік кешенін қайта құру бойынша Путин қабылдаған шаралар Ресейді соғыс жағдайына көшіруге дайындалып жатқанын көрсетеді. Олар РФ ҚК потенциалын күшейтуге және соғыс басында жоспарланған, бірақ ресейлік басқыншылық әскерлер сәтсіз іске асырған операцияларды жүргізу үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған.

Басқыншы елдің Украинадағы соғысты жалғастыру үшін барлық әскери ресурстарды жұмылдыруға тырысуы және РФ ҚК Бас штабының бастығы Герасимовтың жақында ғана басқыншылық әскерлер тобының жаңа қолбасшысы болып тағайындалуы Ресейдің әскери сәтсіздіктерін ғана емес, РФ-ның кең ауқымды соғысты ұзақ жалғастыруға дайындалып жатқанын көрсетеді», — деп атап өтті Украинаның әскери барлау қызметі

Естеріңізге сала кетейік! Қорғаныс министрі Алексей Резников соғыс басталғанда Ресей Украинаға қарсы ұзаққа жалғасатын соғысқа дайындалып жатқанын, ресурстарды жинап, басып алынған аумақтарда қорғаныс фортификацияларын тұрғызып жатқанын мәлімдеді.
.

Добавить комментарий