Қостанай облысында құқық қорғау органдарының қызметкерлері бірге тұратын ер адамға пышақ жарақатын салған екі әйел ұстады.
Аталған қылмыстық іс ҚР ҚК «Кісі өлтіру» 99-бабы 1 тармағы бойынша Сарыкөл аудандық полиция бөлімінің өндірісінде.
Анықталғандай, 16 маусым күні Тагильский ауылының 43 жастағы тұрғыны мен бірге тұратын ер адам арасында жанжал шығып, кейін оның кеуде тұсына пышақ сұғып алған. Нәтижесінде 49 жастағы ер адам оқиға орнында тіл тартпастан кетті.
Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда, оқиғаның мән-жайы анықталуда.
Осыған ұқсас тағы бір оқиға Докучаево ауылында болды.
10 маусым күні сағат сағат 21:00-де Докучаево ауылында 46 жастағы жергілікті ұрыс-керіс салдарынан бірге тұратын ер адамға пышақ жарақатын салды, ол Алтынсарин аудандық ауруханасына жатқызылды.
Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодекстің 106-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.