Орал: Төрт бала уланып ауруханаға жатқызылды

Ашық ақпарат көздерінен белгілі болғандай, Орал қаласында төрт бала уланды. Олардың барлығы ауруханаға түсті.

«Оралда төрт бала уланды деген күдікпен ауруханаға жатқызылды. Ата-анасы балалардың қарбыздан уланды деп топшылап отыр. Алайда дәрігерлер бұған күмәнмен қарап отыр», — делінген сәрсенбідегі хабарламада.

Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының хабарлауынша, 12 шілдеде таңертеңгісін қабылдау бөліміне жедел жәрдем көлігімен бір мекенжайдан бір жас үш айлық, алтыдағы, тоғыздағы және 10 жастағы төрт бала жеткізілді. Олардың жағдайы орташа ауыр болды. Оларға өткір гастроэнтероколит диагнозы қойылды, яғни асқазан-ішек жолдарының бірнеше бөлімдерінің қабынып ауруы.

Қазір дәрігерлер аурудың себебін анықтауда. Кішкентай науқастардың дене қызуы төмендемеуде.

«Ата-аналарының айтуынша, олар 9 шілде күні қарбыз жеген. Бірақ 11 шілдеде ауыра бастаған. Бірінші болып ең кішісі ауырды, бірақ ол қарбыз жемеген. Сондықтан балалардың қарбыздан улануы күмән тудырады. Қажетті талдаулар алынды, нәтижесі бойынша себебі белгілі болады», — деп хабарлады Батыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Бұған дейін эпидемиологтар қазақстандықтардан ерте піскен қарбыз сатып алмауға кеңес беріп, қауіпсіз бақша өнімдері тек тамыз-қыркүйек айларында ғана сатып алуға болатынын ескерткен.

Добавить комментарий