18 желтоқсан күніне Қазақстанның бес облысында дауылды ескерту жарияланды.
Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Дауыл ықтималдығы 70-75%.
Батыс Қазақстан облысының да кей жерлерінде тұман күтіледі. Оралда түнде және таңертең тұман күтіледі. Дауыл ықтималдығы 85-90%
Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түсіп, жаяу бұрқасын күтіледі. Күндіз кей жерлерде оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Көкшетау қаласында бұл күні оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді. Дауылды ескерту ықтималдығы 85-90%.
Маңғыстау облысының кей жерлерінде көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ақтауда күннің екінші жартысында көктайғақ күтіледі. Күндіз оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді. Дауыл ықтималдығы 85-90%.
Атырау облысының кей жерлерінде оңтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Дауыл ықтималдығы 85-90%.