Алматыда карантиндік шараларды бұзушылықтардың саны өсуде

Алматыда мониторинг топтары карантин шараларын бұзғандарды анықтау жұмыстарын жалғастыруда, деп хабарлады әкімдік.

«17 қазанда Медеу ауданының мониторинг тобы «Қазақстан» қонақ үйінің Ball room залында үйлену тойын анықтап, тоқтатты. Іс-шараға шамамен 80 адам қатысқан, барлығы ғимараттан шығарылды. Тиісті шаралар қабылданды. Іс-шара қонақтарына Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері қаулысының нормалары жеткізілді», — делінген ақпаратта.

Сондай-ақ, сенбі күні Әуезов ауданындағы «Інжу» мейрамханасында жаппай іс-шара (құдалық) анықталды.

«Бірінші қабатта іс-шара 40 адамға, екінші қабатта 50 адамға өткізілген. Кейінірек рейдтің мобильді тобы «Аделлина» мейрамханасында 50 адамға арналған осындай іс-шараны анықтады. Түсіндіру жұмыстары жүргізілді», — делінген хабарламада.

Қазанның 8-і мен қазанның 16-і аралығында мониторингтік топтар 1300-ден астам нысанды тексерді. Оның ішінде 314 бұзушылықтар анықталды.

Добавить комментарий